Осы кітап Көкбел ауылын құрған бұл өмірден озған аталарымыз бен апаларымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың рухына бағыштала отырып жазылады.
1974 жылғы туылған жастар
| Ауылымның 40 жылдық шежіресі
1 бөлім Әлқисса. Сол балалық шақтың көзқарасымен қарасам сол бір жадыраған көктемнің жайма шуақ күндерінің бірінде бір қатар тігілген киіз үйлердің бейнелері көз алдыма елестейді. Жаңа ауылдың бас жағында бастаудың суы болған. Бүкіл ауыл тұрғындары сол бастаудан су алатын еді. Бұл бастау Қарасу өзеніне барып құятын. Ал Қарасу өзені атақты Іле Басы Текес өзніне қосылады. Текес өзенінің бойы ит тұмсығы өтпейтін ну тоғай. (Қазір бұған ешкім сенбейді). Сол тоғайдың ішінде көжектерін ерткен қояндар мекендейтін. Салдырап аққан өзеннің дауысы мен құстардың салған әні маған үлкен бір ну орман тәрізді көрінетін. Шіл мен құр әр кезде бір ағаштардың арасынан там тұмдап бой көрсетіп қалатын. Осындай тамаша тоғайды тіліп өтетін күре жол бар. Ол – Қақпақ – Қайнар тас жолы. Бұл тас жол Текес өзенін қиып өтіп, қалың тоғайды бел ортасынан басып, болашақ Көкбел ауылының аяғындағы ат баздың бүйрек тұсынан жанай өтеді. Әр ауылдан көшіп келген алғашқы Көкбелдіктер сол ат баздың күн шығыс жағына бір тегіс қазақ үйлерге жайғасқан. Ат баздың алдында алты бөлмелі, кіре берісі кең еңселі үй бар тұғын. Көкбелдіктердің айтуынша алғашқы ауылдың жобасы сол ат базда жасалған дейді. Ендігі кезекті құжаттарға береміз. «1978-жылы, 23-наурызда Алматы обылыстық партия комитеті мен обылыстық атқарукомитетінің шешімі бойынша Көксай қой совхозы құрылды. Осы жылдың 17-сәуірінде Қақпақ ауылындағы сиырбазда алғашқы жиналыс болып, алғашқы қызметкерлер таныстырылды. Савхоз директоры Құрманбек Насыров барлық мәселелер жөнінде мәлімет берді. Осы күні,яғни, 17-сәуір Көксай савхозының құрылған күні болып белгіленді. Кезінде 10,20 жылдағы аталып өтілді», деп еске алады сол кездегі совхоздың зам.директоры Алғазиев Беделхан әкеміз.
Көкбел ауылындағы Көксай қой совхозының Бас мамандары: Совхоз директоры: Насыров Құрманбек. Зам. Директор: Алғазиев Беделхан. Парт. Орг: Шәңгереев Таубалды. Бас огроном: Ретаев Сәкен. Бас экономист: Әбдікерімов Әбдуәли. Бас Бухгалтер: Нусіпалиев Аманжол. Бас инженер: Әйділдә Байбабаев Әмірбаев Марат. Бас механик: Нүсіпқожаев Нүсіпхан. Бас зоотехник: Нүсіпқожаев Кәдірхан. Мал дәрігері: Алиясқаров Әбіш Әбділдәбек Аманқұлов Амантұр Прораб: Исабаев Нұрғанат. Рабоч. Ком (кәсіп одақ): Тұраров Ұзақбай. Управляющий: Әбдірақынов Бақытнұр. Зав. Ферма: Дуанбеков Құдайберген. Мұхамадиев Әнуарбек. Жақыпбеков Рақымжан. Комс.орг: Зеріпхан
Жүргізушілер:
Қылышбеков Тілеуберді. Алшынов Әуесхан Жанысбаев Бақытжан Жанысбаев Стамшал Бескемпіров Нұржеке. Әкебаев Әбдіразақ. Арынбеков Есімхан. Телақынов Бауыржан. Молдабеков Кәдірақын. Нәдірбеков Әбілқайыр. Әлімжан Шажабаев Жұмабай Әділов Нұрихан. Жұрынбаев Сыдық Құныпияев Әділбай. Әбідінов Бақтыбай. Сегізбаев Мұқан Сағымбай Шөжебек Нұрсейтов Болатхан. Жетпісбай Өміржан
Механизаторлар: Мұхамадиев Әкімбек Жылангөзиев Дөңкеш Оңласын Рауанов Кәкен Мейірманов Молдағали Нұрғазиев Жеңіс Жанысбаев Ысқақов Нұрмұқанов Жұмағали Қойшылар қауымы: Өтегенов Рабат Нүсіпжанов Сәрсемхан Сағындықов Сембай Нүсіпжанов Баққожа Жанысбаев Нұрмұқа. Мағзумов Мұқамжан Тышқанбаев Базарбай Төлегенов Қапар Маралбек Әріпжанов Мұхамадиев Орынбек Әлдибеков Рахат Байғазиев Абиыр Султанғазиев Ізтелеу Тұрлықожаев Демеу Үмбетжанов Мұғалім Несіпбаев Изат
Жылқышылар Байбағысов Шәрәпи Үмбетбаев Мұқаңғали
Шеберлер ұжымы Ахметов Серік Бескемпіров Мәскеубек Тапалов Жомарт
Пошта қызметкерлері Рақия тәте Стамшалова Күлиә
Охраниктер Тапалов Тәліп Шамырхан
Жұмысшылар
Құрылысшылар
Көксай орта мектебінің директорлары: Жақыпбекова Фарида Умбеталиев Мәлік Әбділдаева Дәкен Сағындықов Қанатбек Оразалиев Марат Анарбек Дүйсен Шенебеков Амангелді Байтөлекова Алма Ең алғашқы шоферлар Насыров Құрманбектің шоферы-Кәдірақын Молдабеков Ұзақбай-Болат Ретаев- Әділбай Кәдірхан-Дүйсен Ботанбеков Босатқан Парторг- Рыспендейев Әбілқасым Құрманбек Насыров (суреті бар)
Әбдуәли Әбдікерімұлы (суреті бар) Әбдуәли Әбдікерімұлы 1944 жылы Текес аудан, Көксу ауылында туылған. 1962 жылы Текес ауданында он жылдық орта мектепті озат оқып бітірген. 1963-66 жылдары Алматыда Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтында студент, осы институттың экономикалық бөлімінде оқып, агроном экономист бухгалтер мамандығы бойынша 1971 бітірген, жоғары білімді маман болған. 1968 жылдан 1978 жылға дейін колхозда аға бухгалтер, кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін қоса істеген. 1975-1993 жылдар аралығында Көксай қой совхозында бас экономист болып қызмет атқарған. Қызмет атқара жүріп, қосымша қоғамдық жұмыстарға да бесене араласып отырған. Соның арқасында Лениннің 100 жылдығында Кеңес одағын Қазақстан озат насихатшылар группасымен бірге аралап, Москва, Ленинградқа дейін барған. Сөйтіп совхозда саяси оқудың жетекшісі болған. Әбдуәли әкеміз өз заманының озат насихатшысы, саяси оқуда, экономикалық оқуда озат жетістіктері үшін жоғарғы партия үкімет ұйымдарынан көптеген грамота, мақтаулар алған. 1993-2017 жылдар аралығында Жалын жеке шаруа қожалығының төрағасы болды. Қазіргі уақытта өмірден өтті. Өскелең ұрпаққа рухани мұра ретінде «Албан-Малыбай ата тарихи шежіресі » атты кітабын қалдырып кетті.
Осы дерекі мәліметтер 10.02.2018 жылы Әбдуалиұлы Нурлан ағамыздан жазылып алынды.
|
Published: Feb 16, 2018
Latest Revision: Feb 16, 2018
Ourboox Unique Identifier: OB-432598
Copyright © 2018